Елімізде жер үйді төтенше жағдайдан сақтандыру міндетті болады

171

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.  

Елімізде жер үйді төтенше жағдайдан сақтандыру міндетті болады Фото: eldala.kz

Бірқатар өңірде жер үйлерді төтенше жағдайдан сақтандыру міндеті енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазір Азиялық даму банкі және дүниежүзілік банкпен бұл жобаны әзірлеп жатырмыз, яғни төтенше жағдайда жер үйлерді сақтандыруды енгізу. Кім қанша төлейді әзірге белгісіз. Мүмкін 5 мың теңге, мүмкін үйі нашар болса, жылына 1 мың теңге төлейді. Бірақ, судың астында қалса, жер сілкінісі болса, өтемақыны сақтандыру арқылы алатын болады, – деді Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір жер үйлерді сақтандыру мәселесі сарапшылармен талқыланып жатыр. 

– Қымбат жер үйдің иесі жылына 50 мың теңге төлесе, ал ауылдағы қарапайым жер үйге жылына 1-2 мың теңге болады, одан жоғары болмайды деп ойлаймын, көп болса 5 мың теңгеге шығады. Бұл міндетті болады, бірақ тек төтенше жағдайлар қаупі бар өңірлерде ғана, – деп толықтырды Қанат Бозымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу