Елімізде жерге зерттеу жұмыстарын жүргізумен жаңа мемлекеттік институт айналысады

607

Үкіметтің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 755 қаулысымен "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" мемлекеттік кәсіпорны құрылды, деп жазады inbusiness.kz.

Елімізде жерге зерттеу жұмыстарын жүргізумен жаңа мемлекеттік институт айналысады Фото: inbusiness.kz

"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын", - деп жазылған құжатта.

Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанына экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу және жерлердің мониторингін жүргізу, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қараулар және топыраққа бонитирлеу жүргізу жатады деп көрсетілген.

Жер ресурстарын басқару комитеті кәсіпорынға және басқа бірқатар республикалық мемлекеттік мекемеге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалды.

Бұдан бөлек тиісті Үкімет қаулысымен АШМ және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі жаңа редакцияда жазылды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу