Елімізде жиһаз өнеркәсібіне инвестиция көлемі 11 есе өсті

191

Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. 

Елімізде жиһаз өнеркәсібіне инвестиция көлемі 11 есе өсті Фото: Pixabay.com

2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде жиһаз өнеркәсібі саласына 1 173,4 млн теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 11 есеге көп. Бұл туралы "QazIndustry" АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясы хабарлады.

Аталған секторға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айындаөңірдің жиһаз өнеркәсібі саласына 645,1 млн теңге немесе жалпы елдік деңгейдің 55 % тартылған. Мұндай жоғары өсім нәтижесі орындықтар мен отыруға арналған басқа да жиһаздар өндірісіне инвестициялар көлемінің артуына (645,1 млн теңге)байланысты мүмкін болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу