Сома аз емес. Фемида өкілі 8 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алып жатқан жерінен қолға түскен. Бұл заңсыздықты антикор мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметі әшкерелеп отыр. Қомақты қаражатты күдіктіге Түркістан облысындағы судьялардың бірі қызмет орнын ауыстыруда көрсеткен көмегі үшін беріп жіберген. Мұны ведомствоның баспасөз қызметі растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу