Елімізде жол ережесін бұзу фактілері 3 млн-ға артқан

138

Жалпы биыл 10 млн-нан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды.  

Елімізде жол ережесін бұзу фактілері 3 млн-ға артқан Фото: авто.ру

Оның ішінде автоматты түрде тіркеу камераларының көмегімен 7 млн астам жол ережесін бұзғандар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Соңғы кездері жүргізуші тәртібін бақылау күшейтілді.  ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың мәліметінше, 21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды, 10 мыңға жуық қарсы жолаққа шығу деректерінің жолы кесілді. 

25 мыңнан астам жүргізуші басқару құқығынан айырылды. 20 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 400 мыңға жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

"Жалпы осы жылы 10 млн астам жол ережесін бұзушылық фактілері анықталды, бұл өткен жылға қарағанда 3 млн-ға артық. Ол үшін автоматты түрде тіркеу камералары белсенді қолданылады. Олардың көмегімен 7 млн-нан астам жол ережесін бұзғандар анықталды", – деді спикер.

Қала маңындағы жолдардағы жағдай да күрделі. Оларға ауыр апаттардың басым көпшілігі немесе адам өліміне әкелетін барлық апаттың 61%-ы тиесілі. Соңғы жылдары заманауи магистральдар жабдықталып, жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізуде.

"Мәселен, 15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам адам қаза болса, қазір 2 есеге азайды. Ал магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде адам өлімі біршама қысқарды. Аталмыш жұмысты жалғастыру керек", – деді Қайсар Сұлтанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу