Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға артты

825

Ал өлім-жітім көрсеткіші 17%-ға өсті. 

Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға артты

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұраталиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Биылғы жылы барлық көрсеткіштер бойынша ЖКО-ның өсімі байқалды. ЖКО саны 9%-ға, жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандар саны бойынша – 17%-ға артты. Зардап шеккендер саны – 9%-ға, 9533-тен 10390-ға дейін өсті", – деді Жандос Мұраталиев брифингте.

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғаларының айтарлықтай бөлігі жылдамдықты асырған жүргізушілердің кесірінен орын алады.

"Сонымен әрбір жетінші жол-көлік оқиғасы, яғни 14%-ы елді мекенде жүргізушілердің жылдамдықты сақтамауы салдарынан орын алады. Осы себепті жол-көлік оқиғаларына түскен әрбір жетінші адам қайтыс болады және әр жетінші адам жарақат алады. Соның салдарынан соңғы 7 айда 1 136 жазатайым оқиға тіркеліп, 156 адам қаза тауып, 1 442 адам жарақат алды", – деді спикер.

Бұл ретте Мұраталиев жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің төрттен бірі жаяу жүргіншілер екенін атап өтті.

"Биылғы жылы 308 жаяу жүргінші көз жұмды. Бұл жалпы қаза болғандардың 26%-ы. Тағы 2168-і жаяу жүргінші жарақат алған. Бұл жалпы зардап шеккендердің 21%-ы", – деді спикер.

Жандос Мұраталиевтың айтуынша, жаяу жүргіншілердің кесірінен 265 жол-көлік оқиғасы орын алып, 55 адам қаза тауып, 217-сі жарақат алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу