Елімізде жол-құрылыс материалдарының сапасы зертханалық жағдайда тексеріледі - ИИДМ

540

Жолшы мамандар жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын толтыруға кірісті.  

Елімізде жол-құрылыс материалдарының сапасы зертханалық жағдайда тексеріледі - ИИДМ Фото: gov.kz

Олар Алматы облысында орналасқан он карьердің материалдарын іріктеп алды, деп жазады inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл ақпан айының басынан бастап "ҚазжолҒЗИ" АҚ Алматы қаласындағы филиалының инженерлері жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын толтыруға кірісті. Институт Алматы облысында орналасқан карьерлерден материалдарды іріктеп алып, олардың сапасын зертханалық жағдайда тексереді. Институт мамандары Жамбыл, Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарының он карьерінен материалдар іріктеп алды. Егер зерттеу нәтижелері бойынша бұл материалдардың сапасы қанағаттанарлық болса, бұл кеніштер жалпы тізілімге енгізіледі", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жолдарды жобалау және олардың құрылыс сапасын жақсарту үшін жаңа технологиялар мен жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын әзірлеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу