Елімізде жол сапасын тексеретін мамандар тапшы

770

Бұл туралы Жол активтері ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов айтты. 

Елімізде жол сапасын тексеретін мамандар тапшы

Саладаға тапшылықты шешу үшін 2 жылдан бері 9-11 сынып оқушыларымен семинар сағаттары өткізілуде. Бұл жолы, кәсіби бағдар беру бағдарламасы аясында бір сәтте 600 баламен онлайн кездесу өтті.

Аталмыш шараға еліміздің барлық өңірінен болашақ түлектер қатысқан. Жиында Қазақстанның жол саласында орын алып жатқан жетістіктер мен мәселелер сөз болды.

Сонымен қатар Орталық зертханасының мамандары балаларды сынақ зертханасымен, оның техникалық жабдықталуымен таныстырды. Осы арқылы оқушыларды жол саласы мамандығына тарту көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу