Елімізде жолаушы тасымалы 3 есе қысқарды

892

Биыл жолаушы тасымалынан түскен табыс 60 млрд теңгені құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90 млрд теңге болатын. 

Елімізде жолаушы тасымалы 3 есе қысқарды

2020 жылдың қаңтар-қарашасында қалалық автобус, такси және электр қуатымен жүретін қоғамдық көлікпен 3 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдан 7,6%-ға төмен. Ал тек қараша айында 312,3 млн тонна немесе қазан айынан 0,2%-ға аз жүк тасымалданды. 

Осы кезеңде еліміздің қалаларында қоғамдық көлікпен орта есеппен 8 млрд адам діттеген жеріне жеткізілді. Бұл көрсеткіш те өткен жылдан 2,7 есе төмен. 
Ал жолаушы тасымалының 99,4%-ы автобустар мен такси қызметіне тиесілі.

2020 жылдың 11 айында тек автобустармен 5,6 млрд адам тасымалданды. Бір жылда жолаушылар саны 65,2%-ға қысқарды. Ал таксимен 2,4 млрд адам діттеген жеріне жеткізілді. Мұнда да көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңінен 57,7%-ға төмен.

Қалалық қоғамдық көліктердің 11 айдағы кірісі 222 млрд теңгені құрады. Яғни, өткен жылдың сәйкес кезеңінен компаниялар кірісі 9,9%-ға төмендеген.  
Алайда қараша айындағы жағдай бойынша автокөлікпен жолаушы тасымалының құны өткен жылдан 5%-ға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында тіркелген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу