Елімізде жолаушылар тасымалы 24,9%-ға қысқарды

1250

Мұндай статистика жүк тасымалдау саласында да байқалады. 

Елімізде жолаушылар тасымалы 24,9%-ға қысқарды

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларының соңында автомобиль және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірісі 247 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 24,1%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Кірістің басым бөлігі автомобиль көлігімен жүк тасымалдау кәсіпорындарына тиесілі: 171,4 млрд теңге немесе Қазақстан Республикасы бойынша 69,4%, жылдық өсім 18,2%.

Автобустармен тасымалдаудан түскен кіріс 66,3 млрд теңгені, такси қызметінен – 3,5 млрд теңгені, трамвай және троллейбуспен тасымалдаудан – 1,4 млрд теңгені құрады.

Елдегі жолаушылар тасымалы 2021 жылдың қаңтар-қазанында 24,9%-ға қысқарып, 5,7 млрд адамды құрады.  

Айта кететіні 2020 жылдың он айында елде 7,6 млрд адам тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 61,1%-ға аз.  Бұған дейін, яғни 2014-2019 жылдар аралығында елде трафиктің тұрақты өсімі байқалып келген.

Жолаушылар тасымалы да екінші жыл қатарынан төмендеді.  Биыл бұл көрсеткіш 61 млрд пкм құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 26,4%-ға аз.

Биыл екінші жыл қатарынан жүк тасымалдау және жүк айналымы бойынша да көрсеткіштердің төмендеуі байқалады, бірақ айтарлықтай емес.

Мәселен, 2021 жылдың он айында 2,6 млрд тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл былтырғы жылдан 2,4% аз. 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында жүк тасымалы 2,7 млрд тоннаға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,9%-ға аз.

Биылғы жылы жүк айналымы 3,3%-ға азайып, 124,9 млрд тонна-километрді құрады.

Қалалық автобустардағы жол жүру құны биылғы жылдың қазан айында тек Жамбыл облысында ғана өсті және жылына бірден 30,8%-ға қымбаттады.

Такси қызметтерінің қымбаттауын Түркістан облысының тұрғындары қатты сезінді. Баға жылына бірден 28,2%-ға өсті. Қостанай облысында қызмет көрсету жылына 17,3%-ға, Маңғыстауда 13,4%-ға қымбаттады.  Бұл ретте еліміздің бес аймағындағы баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу