Елімізде ЖОО 2022 жылғы рейтингісі шығарылды

620

Зерттеуді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген.  

Елімізде ЖОО 2022 жылғы рейтингісі шығарылды Фото: ortcom.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі кезекті мәрте жоғары оқу орындарының 2022 жылғы рейтингісінің қорытындысын шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мәлім етті.

Рейтингтің негізгі мақсаты – ЖОО-лар мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, нарық сұранысына сәйкес кадрларды даярлау.

"Білім беру бағдарламалары 19 критерий бойынша бағаланды. Рейтинг әдістемесі жоғары оқу орындарымен, қоғамдық қызмет сарапшыларымен ашық талқылау нәтижесінде қабылданды. Тиісінше, рейтинг әдіснамасы үнемі жетілдіріліп отырады, министрлік пен "Атамекен" ҰКП әдіснамаға енгізілген барлық өзгерістерге жоғары оқу орындарының басшылықтарын тарта отырып, ашық талқылаулар өткізді. Рейтинг үш негізгі блокқа біріктірілген: түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері", – деді Гүлзат Көбенова.

Рейтинг нәтижелерімен ҒЖБМ және "Атамекен" ҚР ҰКП ресми сайтында толығырақ танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу