Елімізде ЖОО-ларда білім алып жатқан жігіттерден қыздар 42 мыңға артық

1104

Жалпы 542458 студент бар. Олардың ішінде қыздардың саны – 292231.

Елімізде ЖОО-ларда білім алып жатқан жігіттерден қыздар 42 мыңға артық

2018/2019 оқу жылының басында елімізде филиалдарын қоса алғанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істеп тұрды. Меншік нысаны бойынша алғанда – 45 мемлекеттік, 79 жеке ЖОО бар. Ал шетелдік меншік нысанымен 4 ЖОО бар.

Жалпы студенттер саны 542458 адамды құрайды, олардың ішінен қыздардың саны 292231 адам немесе 53,9%. Осы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 9,3%-ға көбейді.

2018/2019 оқу жылында 163336 адам қабылданып, әр түрлі себептермен 51779 студент оқуын тоқтатқан, бітіргендер саны – 130691.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі – 64,5%-ды, орыс тілінде – 31%-ды және ағылшын тілінде 4,5%-ды құрады.

Бітірген білікті мамандар 130691 адамды құрады, бұл 2017/2018 оқу жылымен салыстырғанда 2,8 %-ға (127084 адам) артты.

Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 38275 адамды құрайды, соның ішінде қоса атқарушылықпен 5630 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,4% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, ғылым кандидаты – 33,7%, профессор атағы – 6% және доцент – 14,8%. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 12337 адам немесе 32,2%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 2379 адам немесе 6,2%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу