Естеріңізде болса жақында "Эреспалды" қолдануға тыйым салынған болатын. Енді украиндық "Инспирон" мен түріктің "Тирфенс" дәрілеріне де шектеу қойылды. Белгілі болғандай препараттардың құрамында фенспирид анықталған. Оның қаншалықты зияндығын Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі зерттеуде.
Ал еліміздің Фармация комитеті денсаулыққа зиян препараттардың қаншасы сатылып кеткенін білмейді. Өйткені аталмыш медикаменттер дәрігердің нұсқауынсыз сатылған. Қолданып жүргендер болса, дереу емін тоқтатуы қажет.
Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының зерттеуінше "Эреспал" жүрек жұмысының бұзылуын тудыруы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу