Мұндай зерттеу жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомалық ауытқуларын анықтауда ұрық пен жүкті әйел үшін қауіпсіз болып табылады.
Пренаталды ультрадыбыстық диагностика бойынша елдегі жетекші мамандардан сараптама тобы құрылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас генетигі, профессор Гүлшара Әбілдинова және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пренаталды диагностикадан ультрадыбыстық зерттеу бойынша бас маманы, медицина ғылымдарының докторы Жанар Құрманғали дәрігерлер мен генетиктердің кәсіби даярлығын арттыру бойынша оқыту өткізді.
Бүгінгі таңда халықаралық стандарттарға сәйкес пренаталды ультрадыбыстық диагностика бойынша 150 дәрігер сертификат алды.
Аталған диагностиканы өңірлерде қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Қазіргі уақытта аймақтарда перинаталды нәтижелерді жақсарту үшін "Ұрықты қорғау орталықтары" ұйымдастырылған. Жүктілік кезінде скрининг зерттеулерін уақтылы жүргізу туабітті патология бойынша қауіп тобын анықтауға және ұрықтың дамуындағы ауытқулардың үлкен спектріне диагностика жасауға мүмкіндік береді.