Елімізде жұмыртқа бір жылда 14%-ға қымбаттады

324

Өндіріс 2%-ға төмендеді.

Елімізде жұмыртқа бір жылда 14%-ға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 3,8 млрд жұмыртқа алынды. Бұл былтырғыға қарағанда 1,9%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Республика бойынша ең көп жұмыртқа Ақмола облысында өндірілді: 548,9 млн дана. Үздік үштік қатарында Солтүстік Қазақстан (543,1 млн жұмыртқа) және Қарағанды (514,9 млн жұмыртқа) облыстары бар.

Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша отандық компаниялар ішкі сұранысты 93,9%-ға қамтамасыз еткен.

Импорт үлесіне 6,1% тиесілі. Жыл басынан 217,5 млн дана жұмыртқа әкелініп, бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 66,3%-ға көп. 

132,8 миллион дана жұмыртқа экспортқа жіберілді. Бұл былтырғыға қарағанда 28%-ға аз.

Ішкі нарықта 3,4 млрд дана жұмыртқа сатылған.

Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша бірінші санаттағы жұмыртқа бір айда 2,9%-ға, бір жылда 13,6%-ға қымбаттады. 

Бір айда бағаның ең жоғары өсуі ШҚО-да тіркелді: +7,8%. Антилидерлер қатарында Ұлытау (+6,4%) және Абай (+6%) облыстары бар. Бағаның ең аз өсімі Ақтөбе және Түркістан облыстарында байқалды. Алматы облысында баға 3%-ға төмендеген.

Жылдық динамикада ең жоғары жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында: +31%. Одан кейінгі орындарда Ұлытау (+30,3%) және Солтүстік Қазақстан (+29,1%) облыстары орналасты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу