Елімізде жұмыс орнының 46 пайызы қысқарады

991

Елімізде жұмыс орнының 46 пайызы қысқарады

Елімізде роботтар өндіріс пен қызмет көрсету салаларына кеңінен енгізіле бастайды. Осыған байланысты еліміздегі жұмыс орнының 46 пайызы қысқартуға ұшырайды. Бұл жайында әлемге әйгілі Оксфорд мектебінде жасалған баяндамада айтылған, деп хабарлайды islam.kz.

Әсіресе, еліміздегі мұнай-газ бен тау-кен салаларында жасанды интеллект жаппай енгізілетін болады. Сондай-ақ, машина жасау, логистика және қойма салаларында да роботтардың қарасы көп болмақ.

Баяндамада айтылғандай, бөлшек сауда саласы да автоматтандырудан шет қалмайды. Бұл үрдіс өз кезегінде жұмыссыздықтың белең алуына апарып соқтырады және еліміздің экономикасында уақытша қиындық тудырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу