Елімізде жұмыссыз жүрген жастар саны 72,2 мыңды құрады

493

Finprom.kz хабарлауынша, елдегі жұмыссыз жастардың 12%-ы бір жылдан астам уақыт бойы екі қолға бір күрек таппай әлек. 

Елімізде жұмыссыз жүрген жастар саны 72,2 мыңды құрады Фото: Егемен Қазақстан

Осы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысына сәйкес, еліміздегі жұмыссыз жастар саны 72,2 мыңды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмыссыз ерлер саны 28,1%-ға азайса, ал жұмысы жоқ әйелдер саны 10,9%-ға артқан.

Былтырғы статистикаға көз жүгіртсек, 29 жасқа дейінгі 77,5 мың адамның жұмысы болмаған. Олардың саны үшінші жыл қатарынан азайып отыр.

Республика бойынша жұмыссыз жастардың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады (12,5 мың адам). Антилидерлер үштігінде Астана (7,8 мың адам) және Түркістан облысы (6,7 мың адам) бар. Ал, ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді(665 адам).

Жұмыссыз жүрген жастардың көбі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеді (20,9 мың адам).

Бір айдан аз уақыт жұмыс іздегендер саны 16,4 мың адамға дейін артты.

Бұдан бөлек 18,5 мыңы 3 айдан 6 айға дейін, 7,5 мыңы жарты жылдан бір жылға дейін, ал 8,8 мыңы бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу