Елімізде жұмыссыздар саны 13,3 мың адамға көбейген

109

Еуразия экономикалық комиссиясы осындай мәліметті жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты аталған ұйымға сілтеме жасап.

Елімізде жұмыссыздар саны 13,3 мың адамға көбейген Фото: gov.kz

2024 жылғы сәуірде жұмыспен қамту қызметтеріне 315,6 мың жұмыссыз азамат тіркелсе, биыл 328,9 мың адам есепке тұрған.

Республикадағы жұмыс күшінің 3,4%-ы екі қолға бір күрек таппай жүр. 

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше бес елдің ішінде Қазақстанда ғана жұмыссыздар саны көбейген:

  • Арменияда жұмысы жоқтар саны 7,7 мыңға азайып, 36,9 мың адам болған;
  • Беларусь – 700 адамға қысқарып, 3,6 мың болған;
  • Қырғызстан – 13,2 мыңға азайып, 47,3 мың жұмыссыз қалған;
  • Ресей – 100 мың адамға қысқарып, 277 мың жұмыссыз тіркелген.

Осылайша, Қазақстан жұмыссыздар саны жөнінен Ресейдің өзін басып озған.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 4,6% болды.

Ал, 2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда нақты жалақы небәрі 1,2%-ға ғана өскен. Бұл да аталған ұйымға мүе мемлекеттер арасындағы ең төменгі көрсеткішке жатады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу