Елімізде жұмыссыздар саны 28,7 пайызға ұлғайған

1587

Елімізде жұмыссыздар саны 28,7 пайызға ұлғайған

2017 жылдың мамыр айында Қазақстанда жұмыспен қамту орындарында тіркелген жұмыссыздардың саны 92,9 мың адамды құрады. Ал бір ай бұрынғы көрсеткіш 82,2 мың адам болған. Осылайша жұмыссыздар саны 13 пайызға дейін артып отыр, деп хабарлайды qazaqtimes.com.  

Еуразиялық экономикалық комиссия ұсынған мәліметке мән берсек, Еуразиялық экономикалық одақ елдері бойынша еңбек биржасында тіркелген жұмыссыздар саны 1,1 млн адамды құраған және бұл экономикалық белсенді халық санының 1,2 пайызын құрайды.

Ал 2016 жылдың мамыр айымен салыстырар болсақ, биыл Арменияда тіркелген жұмыссыздар саны 1,3 пайызға,  Беларусьта 25,8 пайызға, Ресейде 16,5 пайызға азайған. Ал Қазақстанда олардың саны 28,7 пайызға, Қырғызстанда 5,2 пайызға ұлғайып кеткен.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, ЕАЭО бойынша жалпы жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халықтың 5,6 пайызын (2016 жылдың 4 тоқсаны) құрайды. Олардың  17,4 пайызы Арменияда (2016 жылдың 4 тоқсаны), 5 пайызы Қазақстанда (2017 жылдың 1 тоқсаны), 7,6 пайызы Қырғызстанда (2015 жыл) және 5,6 пайызы Ресейде (2017 жылдың 1 тоқсаны). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу