Елімізде жұмыссыздар саны 451,3 мыңнан асты

967

Бір жылдан бері еңбекпен қамтылмаған қазақстандықтардың саны 15%-ды құрады. 

Елімізде жұмыссыздар саны 451,3 мыңнан асты

Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың саны 451,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың үштен екісі 6 айға дейін, 83,6 мың адам бір айдан аз уақыт, 121,7 мың адам 1 айдан 3 айға дейін, 109,1 мың адам 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздейді.
Сонымен қатар 69,6 мың адам алты айдан аса бірақ бір жылға дейін жұмыс іздеді.  Бір жылдан аса уақыт ішінде 65,7 мың адам еңбекпен қамтылмаған. Олардың саны 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 44,3% -ға өскен. Ал жұмыссыздардың жалпы санынан үлесі 10,3% -дан 14,6% -ға дейін артты.

Тұрақты жұмыс іздегенде қазақстандықтар газет-журналдарға, сонымен қатар интернетке басымдық береді. Яғни, қаңтар-наурыз айларында  239,1 мың адам бос жұмыс орындарын табуға мүдделі болса, 110,3 мың адам өздері жарнамалар орналастырған. Бұған қоса 220,3 мың адам жұмыс іздеуді достары, таныстары мен туыстары арқылы жүзеге асырды. 129,2 мың адам түйіндемесін кәсіби әлеуметтік желілерде орналастырып жаңартқан.

Алайда елімізде жұмыс табуға әрекеттенбейтіндер де бар. Олардың саны 3,8 мың адамды құрайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу