Елімізде жұмыссыздар саны 70 мыңнан асты

2131

Елімізде жұмыссыздар саны 70 мыңнан асты

2017 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,6 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,3% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,9 – ерлер, 48,1%– әйелдер, деген мәлімет келтіреді ҰЭМ статистика комитеті.

2017 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,5 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санының 75,5%-ын құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің, яғни жалданбай жұмыспен қамтылғандардың саны 2,1 млн адамды немесе 24,5% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі - 89,6% (2016 жылы – 86,4%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,4% (2016 жылы – 13,6%) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 46,4%, әйелдердің үлесі –53,6%.

15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% құрады.

2017 жылдың соңына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 70,3 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 0,8%-ын (2016 жылы – 0,4%) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу