Елімізде жұмыссыздық белең алды

889

Бір жылда тұрақты жұмысы жоқтар саны бірден 65 пайызға артқан. 

Елімізде жұмыссыздық белең алды

Ал  еліміздегі жұмыссыздық көрсеткіші биыл күрт өсті. Мамыр айындағы есеп бойынша елде 153 мың 400 адамның тұрақты жұмысы жоқ, деп хабарлайды Atameken business channel.

Өткен жылы жұмыссыздар саны 92 мың 300 болатын. Яғни, бір жылда тұрақты жұмысы жоқтар саны бірден 65 пайызға артқан. Еуразиялық экономикалық аймақ аумағындағы бұл ең жоғарғы көрсеткіш.

Салыстыра кетсек, Қырғызстанда жұмыссыздар саны 12 айда 4,4 пайызға өссе, Ресейде керісінше, 13 пайызға азайған. Белоруссия мен Арменияда да оң өзгеріс, яғни кемігені байқалған.

Осылайша Еуразиялық экономикалық аймақ көлемінде еңбек етпейтін барлығы 1 млн адам бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу