Елімізде жұмысынан айырылған 33,5 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды

466

14,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.  

Елімізде жұмысынан айырылған 33,5 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды Фото: gov.kz

1 ақпандағы жағдай бойынша жұмысынан айырылған 33,5 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды, деп жазады inbusiness.kz ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңнама бойынша жұмысынан айырылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде қордың қаражаты есебінен беріледі.

"Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

  •  eGov.kz порталында авторизациялану;
  •  "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  •  онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  •  бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  •  егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимінде enbek.kz)арқылы да алуға болады", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу