Елімізде жыл басынан 85 бала терезеден құлап кеткен

631

Төтенше жағдайлар комитеті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады. 

Елімізде жыл басынан 85 бала терезеден құлап кеткен

Елімізде 2020 жылғы 11 тамызда балалардың қатысуымен 5 оқиға орын алды. Салдарынан 4 бала қаза тауып, 3 бала ауруханаға жатқызылған. Барлық жағдайларда балалар ересек адамдардың қарауынсыз қалған, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

2020 жылғы 11 тамызда күндіз Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек жолы ауылында 2019 жылы туған бала екі қабатты жеке тұрғын үй баспалдағынан абайсызда құлап, ауруханаға жатқызылды. 

Атырау облысының Ақсай-2 кентінде 2019 жылы туған бала жеке тұрғын үйдің ауласында 2 метр тереңдіктегі шұңқырға құлап, ауруханаға жеткізілді. Ал Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Шошай қыстағында 2017 жылы туған қыз бала мен 2019 жылы туған ер бала жеке тұрғын үйдің ауласында тереңдігі 3 метр ашық құдыққа құлап, суға батып кетті. Бұл ТЖК тізімдеген оқиғаның үшеуі ғана.

Статистикалық мәліметтер бойынша биылғы жылы балалардың қатысуымен 85 баланың көппәтерлі тұрғын үй терезелерінен құлау фактісі тіркелді. Нәтижесінде 8 бала қайтыс болып, қалған 77 бала ауруханаға жатқызылған. 

"Биыл суға шомылу кезеңінің басынан бастап ( 1 маусымнан 12 тамызға дейін) балалардың ересек адамдардың қарауынсыз қалу салдарынан елдің су айдындарында 64 бала (2019 жылы 82 бала) суға батып кетті, ал су айдындарында 24 бала құтқарылды. Жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындары, суару арықтары мен каналдардың жанында болуына ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар, ата-аналар қауіпсіздік ережелерін сақтап, баланың терезеден немесе балконнан құлау қаупін азайту шараларын білуі керек", – деп жазылған хабарламада. 
 
Құралай Құдайберген
ТЖК, оқыс оқиғалар, балалар қауіпсіздігі, суға батып кету, көп қабатты үй терезесінен құлап кету

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу