Мұндай статистиканы денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Ведомство мәліметінше, ең көп аборт Қарағанды мен Ақтөбеде, деп хабарлайды 1tv.kz.
Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Яғни, жағымсыз көрсеткіш бұдан да көп болуы бек мүмкін.
Тек былтырдың өзінде 6 мыңға жуық оқушы қыздың аяғы ауыр болған, 3,5 мың-ға жуығы түсік жасатыпты. Ал дәрігерлер болса, ерте жаста жүктілігін тоқтатқандар, болашақта ана бақытын сезінуі екіталай дейді.
"Егер осы кезде жүктілік болған жағдайда, түсік тастаған жағдайда әрине көптеген асқынулар болады: жыныс ағзаларының қабынуы, қан кетуі, минустриялдық циклдің бұзылуы, созылмалы қабыну аурулары, аналық жатыр мен безінің функциясының бұзылуы әрі қарай бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін",–дейді гинеколог Жанерке Ажетова.