Елімізде жыл басынан бері 17,2 мың жұмысшының құқығы қорғалды

590

Мұндай ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, деп жазады inbusiness.kz.  

Елімізде жыл басынан бері 17,2 мың жұмысшының құқығы қорғалды Фото: atr.kz

Министрліктің мәліметінше, қабылданған тиісті шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмысшының құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленген.

Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнында 18,9 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу