Елімізде жыл басынан бері 75,7 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілген

623

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биылғы 10 айда Қазақстанда 75,7 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz. 

Елімізде жыл басынан бері 75,7 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім өндірілген Фото: google

Сарапшылардың мәліметінше, импорт үлесі – 93,4 мың тонна. Бұл былтырғыға қарағанда 9,1%-ға артық. Сырттан әкелінген өнімнің үлес салмағы 55,2%-ды құраған.

"10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 140,2 мың тонна шоколад пен кондитерлік өнім сатылды. Бұл ретте экспортқа 28,9 мың тонна тәтті өнімдер жіберілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу