Елімізде жыл басынан бері бала зорлығына қатысы 78 факті тіркелді

1123

 Ал 124 бала өз-өзіне қол жұмсаған.

Елімізде жыл басынан бері бала зорлығына қатысы 78 факті тіркелді

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева "Үкімет үйінде" өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның сөзінше, жыл басынан бері балаларға қатысты сексуалды зорлық көрсету және басқа да қылмыстар бойынша 78 факті тіркелген. Ал 124 бала өз-өзіне қол жұмсаған. Кәмелететтік жасқа толмаған 2082 бала қылмыс жасаған.

"Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы баланы зорлаған жеткіншектердің біреуі жасы келіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал қалғандарының жасы қылмыстық жауапкершілікке тартуға жетпегендіктен, қатаң бақылауда. Сондай-ақ олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізілді", – деді Сәуле Айтпаева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, зорланған бала мектепке барып жүр.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу