Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық көлік өртке оранады

254

Осы жылдың 10 айында 1 811 көлік өрті тіркелген.

Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық көлік өртке оранады Фото: ТЖД

Жыл сайын орташа есеппен елімізде 2 мыңға жуық өрт болады, олардың ішінде көлік құралдарындағы өрт жиі тіркеледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде  1 811 өрт орын алған.  2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 14%–ға азайды (2022ж. - 2 118).

"Бұл өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 77%. Көлік құралдарындағы өрттердің жалпы санының 15-20%-ын құрайды және соңғы жылдары тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады", - делінген хабарламада.

Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:

- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;

- қолдан жасалған  газ жабдығын орнату;

- отын және электр жүйесінің істен шығуы;

- қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;

- қасақана өртеу.

Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу