Елімізде жыл сайын қанша адам ата-ана құқығынан айырылады?

709

4,3 мың жасөспірім мен 7 мыңға жуық әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың балалары құқық қорғау органдарының тұрақты есебінде тұр. 

Елімізде жыл сайын қанша адам ата-ана құқығынан айырылады?

Сот полицияның ұсынысы бойынша жыл сайын бала тәрбиесі бойынша талаптарды орындамаған 1 мыңға жуық ата-ана құқықтарынан айырылады немесе шектеледі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына 4 мыңнан аса жасөспірім жеткізілді. Оның 3,5 мыңнан астамы қараусыз және панасыз қалған балалар. Жыл сайын 6 мыңнан астам заңды өкілдер бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Сот полицияның ұсынысы бойынша жыл сайын бала тәрбиесі бойынша талаптарды орындамаған 1 мыңға жуық ата-ана құқықтарынан айырылады немесе шектеледі", - деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу