Елімізде жылдан жылға жемқорлыққа қатысты қылмыстар азайып келеді

688

Жемқорлар өз әрекеттерінің немен аяқталатынын  жете түсіне бермейді – Нұрлан Қыдырбаев. 

Елімізде жылдан жылға жемқорлыққа қатысты қылмыстар азайып келеді

AntikorLive жобасы аясында ұйымдастырылған тікелей эфирде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Нұрлан Қыдырбаев мәлім етті. 

"Соңғы 4-5 жылда көптеген министрлер мен өзге де лауазымды тұлғалар қомақты қаржы жымқырғаны үшін істі болуда. Кейінгі кезде Алдын алу департаменті құрылғаннан кейін алдын ала түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде мұндай қылмыс түрі азайды. Әйтседе үкіметтің қаражатына қол салғысы келетін жемқорлар әлі де жетерлік. Біз оларға қатысты жедел жұмыс жүргізіп жатырмыз жатырмыз", – деген агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы соңғы жылдары жемқорларлыққа қатысты істердің саны азайғанын жеткізді.

"Жемқорлық бойынша басқа облыс әкімдері, олардың орынбасарларына қатысты қылмыстық іс тіркелуде. Президент бізді аталған тұлғалармен жұмыс істеуіміз үшін тағайындады. Осы бағыт бойынша әлі де атқарылатын іс көп. Барлық департамент басшылары мектептерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Өзім де мектептерге, университеттерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Егер мектептен барлығын қолға алатын болсақ қылмыс азаяды. Көбі Қылмыстық кодекстің не екенін, қылмыс жасаудың салдары қандай болатынын білмейді", –деді Нұрлан Қыдырбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу