Елімізде жылу маусымы жұмысын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейді

171

Жылумен жабдықтау саласын мемлекеттік реттеу және бақылау жүйесіне кешенді өзгерістер енгізілді.  

Елімізде жылу маусымы жұмысын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейді Фото: open-almaty.kz

Үкімет салаға жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын ескере отырып іс-шараларды күшейтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, бұдан былай жылу желілері мен орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қатысты бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне беріліп, оның функциялары күшейе түсті.

Өзгерістер апаттық жағдайлар тәуекелін арттырып, жылу-энергетикалық кешеннің дамуын тежейтін ескі проблемаларды жоюға бағытталған. 

Жылыту кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін әкімшілік жауаптылық күшейтілді:

  • жөндеу жұмыстарын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
  • қысқы кезеңде отынның нормативтік қорын сақтамағаны үшін 1 000 АЕК; 
  • дайындық паспортын уақтылы алмағаны үшін 300 АЕК-тен 1 500 АЕК-ке дейін ұлғаяды. 

Бұл құжаттың мәртебесін және жалпы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындықты айтарлықтай арттырады.

Жылыту кезеңінің тұрақты өтуі үшін жауаптылық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына (саяси мемлекеттік қызметшілер) жүктелген. 

Сонымен қатар салаға қатысушыларды, оның ішінде жылу энергетикасының негізгі объектілерін пайдалану және оның техникалық жай-күйін мониторингтеу мен бақылаудың жаңа құралдары енгізілді. 

Қабылданған шаралар жылу-энергетикалық кешеніндегі авариялық жағдайлардың ықтималдығын азайтуға, азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ саланың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу