Елімізде жылу желілерінің аудиті өткізіледі

545

"Жылу энергетикасы туралы" заңның жобасы әзірленуде.   

Елімізде жылу желілерінің аудиті өткізіледі Фото: pikabu

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.  Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің биылғы 11 айдағы жұмысы туралы баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Әлихан Смайловтың айтуынша, 2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық жылу электр станциясы және электр желілерінің аудиті аяқталады.

"Бұған қоса, жылу желілерінің аудиті өткізіледі",- деді Премьер-министр.

Оның дерегінше елімізде ЖЭС жұмысын тиімді ету мақсатында жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр.

"Әзірленіп жатқан "Тарифті инвестицияларға айырбастау" бағдарламасы электр, жылу және құбыр желілерінің тозуын 20%-тік тармаққа төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл үшін 3,8 трлн. теңгеге дейін инвестицияларды тартып, 134 мың километрден астам инженерлік желілерге жөндеу жүргізу қажет. Тиісті ережелер осы аптада бекітіледі", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, сонымен қатар, Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс Қазақстанның электр желілерін Бірыңғай электр энергетикалық жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу