Елімізде жылына 36 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады

1229

190 мың қазақстандық онкологиялық есепте тұр.

Елімізде жылына 36 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады

Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы зәулім ғимарат пен құрылыста көгілдір түсті жарық қосылды. Елордада "Бәйтерек"монументі мен "Хан Шатыр" СОО, Алматыда "Халық Арена" спорт және мәдениет сарайы, "Алматы Арена" мұз сарайы, Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Renion Park қонақ үйлері және MEGA Alma-Ata СОО "Happy Eye" шолу дөңгелегі көгілдір түсті от жақты.

Акцияны Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОРҒЗИ), "Обырмен бірге күрес" қоғамдық қоры және Takeda биофармацевтика компаниясы ұйымдастырған. Акцияның басты мақсаты –қоғамның назарын осы жаһандық проблемаға аудару және халықты
онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және емдеуге шақыру, халықты
қатерлі ісік туралы ақпараттандыру.

"Қазіргі онкология дамған. 10-15 жыл бұрын жазылмайды деген диагнозды бүгінде емдеуге болады. Әлемде онкологиялық ауруларды емдеудің озық әдістемелері игеріліп, Қазақстанда белсенді қолданылуда. Олардың барлығы ТМККК шеңберінде әрбір азаматтарға қолжетімді.Алайда тұрақты онкоскрининг, сондай-ақ ауруды ерте анықтау арқылы ұзақ емнің алдын алуға болады",-деді "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма Төрайымы Диляра Қайдарова.

Қазіргі уақытта ҚР-да халықаралық хаттамаларға сәйкес келетін онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи түрлері жүргізілуде. Мақсатты терапия, иммунотерапия және гендік инженерия әдістері белсенді қолданылады. 2010 жылдан бастап сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілуде, 2012 жылы Қазақстанда онкопсихологтардың жеке кәсіби қызметі пайда болды.

Маңызды жетістік-аурудың сатысы мен таралуын дәл анықтауға, емдеудің оңтайлы режимдерін таңдауға, жеке терапияны қолдануға, радиациялық немесе химиотерапия курсын тағайындауға, емдеу тиімділігін бақылауға және негізсіз операцияларды болдырмауға көмектесетін МРТ және ПЭТ-КТ диагностикасын, молекулалық-генетикалық зерттеулер мен телепатологияны енгізу.Жергілікті жерлерде онкологиялық аурулардың ерте белгілерін анықтайтын және анықталған аурулары бар пациенттерге алғашқы көмек көрсететін емханалардың қызметкерлері үлкен жұмыс атқарады.

Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде қатерлі ісіктің кең тараған түрлерімен ауыратын науқастарға үйде паллиативтік көмек көрсету бойынша мобильді бригадалардың жұмысы жандандырылды.

Сонымен қатар, онкология туралы науқастардағы ақпараттың жетіспеушілігі
проблемасын шешуге ғана емес, сондай-ақ терапияға төзімділікпен байланысты психологиялық және әлеуметтік проблемалар мен мәселелерді еңсеруге көмектесуге арналған қазақстандық науқастарға пациент мектебі форматында қолдау бағдарламалары қолжетімді болып отыр. Бұл жұмыста онкологтарға қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік жауапты бизнес баға жетпес көмек көрсетеді.

"Біздің миссиямыз – қатерлі ісікпен ауыратындардың өмірін сақтап қалу
үшін және өмір сапасын барынша жақсарту үшін бүкіл қоғамдық күш-жігер
мен әлеуетін біріктіру", - деді "Обырға қарсы бірге күрес" ҚҚ атқарушы
директоры Гүлнар Кунирова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу