Елімізде жылына 4,5 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық түзіледі

96

Олардың 25 пайызы ғана қайта өңделеді. 

Елімізде жылына 4,5 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық түзіледі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Түкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Статистикаға қарасақ, республикада жыл сайын 4,5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық түзіледі. Бүгінде оның шамамен 25%-ы ғана қайта өңделеді. Бұл көрсеткішті 2030 жылға дейін "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы аясында 40 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. Өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың күшімен осындай жобалар кезең-кезеңімен жұзеге асырылуда", – деді Руслан Түкенов.

Ал Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиковтың сөзінше, қоқыс үйінділерінің ең көп саны Астана қаласында, Қарағанды 587 және Ақмола облыстарында анықталды.

"Сонымен қатар бірқатар өңірде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша көрсеткіштер төмен деңгейде. Атап айтқанда, Ұлытау облысында – 60%, Атырау облысында – 66%, Шығыс Қазақстан облысында – 78%. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдардың жұмысын күшейту қажет", – деді спикер.

Соңғы жылдары рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны азаюы бойынша оң динамика байқалады. Мысалы, 2020 жылы 8 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталып, олардың тек 66%-ы жойылған болатын. 2024 жылы бұл көрсеткіш 4886-ға дейін төмендеп, оның 93%-ы жойылды. Ал 2025 анықталған полигондар саны 3828-ні құрап, жою деңгейі 94%-ға жетті.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда жыл сайын пайда болатын 4,5 млн тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтың 656 мың тоннасы немесе 16 пайызы пластик екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу