Елімізде жылыту маусымы басталғалы 47 адам өрттен қаза тапқан

1378

Төтеншеліктер қызыл жалын көп жағдайда жеке үйлерден шығатынын мәлімдеп отыр.   

Елімізде жылыту маусымы басталғалы 47 адам өрттен қаза тапқан

Нұр-Сұлтанда соңғы 10 айда 500-ге тарта баспана өртенген, деп хабарлайды Atameken Business.

Соның салдарынан 13 адам қаза тапса, оның 5-уі өрімдей бүлдіршін. Себебі, саяжайлар мен уақытша тұруға арналған баспаналарда қауіпсіздік шаралары ескерілмей жатады. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жауапты мекеме мамандары бірігіп "Әрбір үйдегі өрт қауіпсіздігі" атты ауқымды акцияны атқарды. 500-ге жуық адам топ-топқа бөлініп, елорданың төрт ауданындағы тұрғын үйлерді аралады. Әр аулаға кіріп, жаднамалар тарату арқылы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін тағы бір еске салды. Ал аудан әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін улы газ дабылдарын орнатып, пеш мұржаларын тазартып берді. Акция аясында қатысушылар бір күнде 3000 мыңға жуық үйді қамтыды. Жеке сектор тұрғындары төтеншеліктер жылда айтатын ақпаратпен жақсы таныс болса да құлақ аса бермейді. Тіпті, кейбірі есік ашпай тұрғындырдың амандығы үшін алаңдаған мамандардың жұмысына түсіністікпен қарамай жатады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу