Еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізіледі

2050

Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда. 

Еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізіледі

2019 жылғы қараша айының соңына дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы білім беру сапасын қамтамасыз ету Комитетімен еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізілетін болады, деп жазды Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан өзінің Facebook парақшасында. 

Профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған бұзушылықтар аталған тексеру жұмыстарына негіз болып отыр.

Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда.

Атап айтсақ, "Қайнар" Академиясы, "Ақмешіт"  гуманитарлық-техникалық институты және Азаматтық авиация академиясы.

Заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда, әкімшілік айыппұл салу және білім беру қызметі бойынша лицензияның қолданылуын уақыша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралатын болады.
Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу