ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізіп, су тасқынына қарсы іс-қимыл алгоритмін нақтылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сапар аясында Ақмола өңірінде жүзеге асып жатқан бірқатар жобалармен де танысты. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар қалың. Көктемде мұздың күрт жүруі жағдайды күрделендіруі мүмкін. Сонымен қатар топырақтың тоңы әлі толық жібімеген.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің айтуынша, ықтимал қауіптің алдын алу үшін 39 мың адам, 18 мыңнан астам техника және арнайы құралдар дайындалған. Барлық қызметтер жоғары дайындық режиміне көшкен. Егер жағдай қиындай түссе, қажетті шешімдер жедел қабылданады.
Үкімет басшысы кейбір өңірлерде бұл мәселеге салғырт қарап отырған жағдайлар бар екенін атап өтті.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі бар бес өңірде – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 см-ге дейін және топырақтың тереңдігі 2 м-ге дейін қатуы байқалатынын хабарлады.
Республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ведомстволарға бірқатар тапсырма берді.