Еліміздегі 16,2 млн адам медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған

212

Мемлекет 14 млн адамның қаржылық жүктемесін көтереді.

Еліміздегі 16,2 млн адам медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған Фото: freepik

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудиторлық палата "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. 

"2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша медициналық сақтандыру жүйесінде 16,2 млн адам немесе жалпы халықтың 81%-ы сақтандырылған. Қаржылық жүктемесін мемлекет көтеретін сақтандырылғандар қатарына 15 жеңілдікті санатқа кіретін 12 млн адам жататынын атап өткен жөн. 2 млн-ді құрайтын мемлекеттік қызметшіні, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлерін және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін ескере отырып, мемлекет 14 млн немесе 86% сақтандырылған адамның қаржылық жүктемесін көтереді", – деді Нұрлан Нұржанов.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық шығыстарға жеке тоқталды.

"Тегін кепілдендірілген медициналық көмек және Медициналық сақтандыруды ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1,7 трлн теңгені немесе барлық шығындардың 78%-ын, 2023 жылдың қорытындысы бойынша - 2 трлн теңгені немесе 76%-ды құрады", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу