Еліміздегі 3 банктің қаржылық көрсеткіштері төмендеуде

759

Қаржы орталықтары 4 ай және 1,5 жыл аралығында пруденциялық нормативтерін орындамай келеді. 

Еліміздегі 3 банктің қаржылық көрсеткіштері төмендеуде

Қазақстанда 3 банктің қаржылық тұрақтылығы өте төмен деңгейде. Бұл туралы мамандар мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Атап айтқанда "Тенгри банк", "Азия Кредит" және "Капитал банк Қазақстанның" рейтингтері айтарлықтай нашарлап кеткен. Бұдан бөлек, жоғарыда аталған қаржы орталықтары 4 ай және 1,5 жыл аралығында пруденциялық нормативтерін орындамай келеді. "Тенгри банктің" табысы 23,6 пайызға кеміп, 103,6 млрд теңгеге дейін түсіп кеткен. "Капитал банк Қазақстанның" активтері 22,2 пайызға азайып, 69,1 млрд теңгені құрап отыр. Ал "Азия банктің" көрсеткіштері 38,5 пайызға  құлдырап, бар болғаны 63,6 млрд теңгеге теңесті.

Айта кету керек, барлық қаржы институттары несиелеу мөлшерін де 1 жыл ішінде 22,2 пайызға азайтқан. 3 банктың 5 айдағы шығыны 7,5 млрд теңгеге дейін ұлғайып, салымшылардың салымы да күн санап кеміп келеді дейді мамандар. Бірақ, өзге банктердегі жағдай тұрақты.

Коронавирустан келген дағдарысқа қарамастан, барлық институттардағы депозиттер салымының мөлшері 15,2 пайызға артып, 19 трлн теңгеге жетті. Несиелеу мөлшері 15 трлн теңге шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу