Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дархан Иманашевтің сөзінше, жұмыс тобы ақылы жолдарға талдау жүргізген. Нәтижесінде ақылы учаскелердің шамамен 350 шақырымында ақауы бар екені анықталып отыр.
"Бүгінгі таңда 2000 шақырымдай жол ақылы. Олардың ішінде 350 шақырымынан ақау анықталған. Біз қаңтардан бастап бұл учаскелерді ақылы жолдар тізімінен уақытша алып тастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ алдағы құрылыс маусымында осы учаскелер жөнделеді. Жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілгеннен кейін бұл учаскелер қайтадан ақылы болады", – деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы журналистердің сауалына берген жауабында.
Бүгінгі таңда тиісті бұйрық дайындалып жатыр.
Айта кету керек, бұған дейін ақылы жолдардан 79 млрд теңге түскенін жазғанбыз.