Еліміздегі 49 компанияға тексеріс жүргізілген

1368

Министр қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысындағы айырмашылық туралы айтты.

Еліміздегі 49 компанияға тексеріс жүргізілген

Еліміздегі кәсіпорындарда еңбек ететін шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын тексеру барысында 476 заңбұзышылық анықталған. Мұны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ведомства басшысының айтуынша, бас прокуратурамен бірлесіп еліміздегі 49 компанияға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде еңбек ережелерін және миграциялық заңды бұзған 791 факті анықталған.

Нақтырақ айтсақ, Атыраудағы "Нефтестройсервис" ЖШС-де жергілікті жұмысшыларға сағатына 568 теңге төленсе, шетелдік жұмысшыға 6500 теңге көлемінде жалақы төленген.

Жалпы бүгінде елімізде 2425 компания шетелден жұмысшы тартуға құқылы. Ал, осы компанияларда 531 мың қазақстандық еңбек етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу