Еліміздегі 600-ге жуық жеке клиника биыл тегін қызмет көрсетеді

1725

Еліміздегі 600-ге жуық жеке клиника биыл тегін қызмет көрсетеді

Биылдан бастап 600-ге жуық жеке клиника ел тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсетеді. Бұл саладағы қызмет ұсынушылардың 43 пайызы. Бүгінде жеке дәрігерлік ұйымдар саны 130-ға артып отыр. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кепілді тегін дәрігерлік көмек беру мақсатында 1400-ге жуық медициналық ұйыммен келісімге отырмақ.

Келісімшарт құны 673 млрд теңгені құрайды. Бұл республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 80 пайызы. Құжат бойынша бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық және шұғыл медициналық көмек көрсетуге басымдылық беріледі. Қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін дәрігерлік көмек көрсетуге дайын жеке ұйымдардың көшін Оңтүстік, Шығыс Қазақстан , Қарағанды, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу