Еліміздегі 85 ауылда ауызсу көздері жоқ

920

Олардың маңынан тұщы су іздеу жұмыстары жүргізілмек, барлау 2023 жылға дейін аяқталады.   

Еліміздегі 85 ауылда ауызсу көздері жоқ

Бұл туралы Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сәйкес, орталықтандырылған сумен жабдықтау желісін тарту жоспарланып отырған 85 ауылда нақты ауыз су көздері жоқ. Олардың көбі Батыс Қазақстан облысында орналасқан елдімекендер. Бұл өңірде 31 ауылда іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу қажет", – деді спикер. 

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша дәл осындай барлау жұмыстарын Атырау облысындағы – 19 ауылда, Түркістан облысында – 11 және Алматы облысында 9 ауылда жүргізу керек. Бұған қоса кешенді блок-модульдер орнату жоспарланып отырған тұрғындар саны өте аз 170 ауылда да тұщы су іздеу-барлау жұмыстар жүргізілуі тиіс. 

"Аталған аймақтардың ауыз сумен қамтылмаған барлық ауылында барлау жұмыстарын 2023 жылға дейін аяқтау қажет", – деп түйіндеді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу