Еліміздегі ақылы жолдар қанша табыс әкелді?

583

Республика бойынша ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайтын автожолдарда 11 ақылы учаске жұмыс істейді. 

Еліміздегі ақылы жолдар қанша табыс әкелді? Фото: baribar.kz

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ақылы жолдар 25 млрд теңге табыс әкелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ақылы жолдар шамамен 25 млрд теңге түсім әкелді. Бұл қаражат бірінші кезекте аталған жол учаскелерін күтіп ұстауға, ақы алу жүйесінің жұмысына бағытталады", - деді спикер тілшіге берген жауабында.

Төлеген Абдуллиннің айтуынша, ақылы жолдардың жаңа учаскелері ашылатын болады. Бұл жүк көлігінің жүргізушілерінен ақы алынатын екінші санаттағы жолдарға қатысты болмақ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу