Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің жалпы құны қанша болатыны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қаражаттың негізгі бөлігі шамамен 14,4 млрд доллар энергия блоктарын салуға бағытталады. Тағы 2 млрд долларға жуық қаржы инфрақұрылымға, қауіпсіздік жүйелеріне және кепілдік мерзіміне арналған отынға жұмсалады. Жобаның жалпы құны шамамен 16,4 млрд долларды құрайды", – делінген Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кету керек, бұған дейін еліміздегі алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу