Еліміздегі алғашқы әскери мектепке 20 жыл толды

1496

Армия генералы С. К. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебі өзінің 20 жылдығын тойлады.  

Еліміздегі алғашқы әскери мектепке 20 жыл толды

Осыған орай астаналық мектепте Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, Қарулы Күштер ардагерлерінің және тәрбиеленушілердің ата-аналарының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ведмстовоның баспасөз қызметі.

Мектептің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев маңызды мерейтоймен қатысушыларды құттықтады. Дәстүр бойынша ұландар мектептің туын шығарып, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры армия генералы С.К. Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.

ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаевта өз құттықтауын жеткізді.

"Осы уақыт аралығында сіз қиын және керемет шығармашылық жолдан өттіңіз. Сіздің мектебіңіздің тарихы – бұл маман атанған мыңдаған ұл балалардың тағдырлар тарихы. Құрметті әріптестер, сіздердің қолдарыңыздан ғажап іс – адам қалыптастыру келеді. Тек сіздер ұшқалақ балалардан болашақ сарбаз – офицерді көресіздер. Сіздердің барлық үміттеріңіз ақталып, атқарған жұмыстарыңыз бекерге кетпей, әр ұлан мектептің мақтанышына айналуына тілектеспін", –  деді ол.

Қонақтарға 20 жылдағы мектепте болған іс-шаралар мен жетістіктер көрсетілген фотокөрме ұйымдастырылды. Мерейтой қарсаңында "Жас ұлан – 20 жыл" атты кітап дайындалып, шығарылды.

Алғашқы "Жас ұлан" мектебі 1999 жылдың  наурыз айында ҚР Үкіметі Жарлығына сәйкес құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін мектеп қабырғасынан болашақ командирлерді дайындайтын арнайы оқу орнын құру еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеясы болып табылады. Қазіргі кезде мектепте мемлекетіміздің түкпір- түкпірінен жиналған 425 ұлан білім алуда.

Қазіргі кезде Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында тағы да үш "Жас ұлан" әскери мектептері жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу