Еліміздегі алғашқы лоукостер бір айда 50 мыңнан астам жолаушы тасымалдады

780

FlyArystan алғашқы айдағы операциялық жұмысының нәтижелерімен бөлісті.

Еліміздегі алғашқы лоукостер бір айда 50 мыңнан астам жолаушы тасымалдады

FlyArystan 2019 жылдың мамыр айында 50 мыңнан астам жолаушыны тасымалдап үлгергені туралы xабарлады.

Компания өткен айда орындалған рейстер саны 309 болып, оларды уақытылы орындау көрсеткіші 94% жеткендігін, ал әуекемелердің жүктеме коэфиценті 93% асқанын қуана жеткізді.

"Жақында біз 94 жасар қартты әуебортымызда апарсақ, сол мамыр айында 17 күндік нәрестені де ұшырған едік. Балалар – біздің ерекше саяхатшыларымыз екенін атап кеткен жөн, себебі олар ортақ жолаушылар санының 11% құрайды, ал кейбіреулері үшін FlyArystan-мен бірге орындаған сапарлары өмірлеріндегі бірінші саяхат", – деп атап кетті баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы қазақстандық лоукостер 30 мамырдан бастап Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағанды шаһарларына орындалатын рейстерге қоса жаңа Алматы-Павлодар-Алматы және Алматы-Шымкент-Алматы бағыттары бойынша да қатынай бастады.

Әуекомпания сайтында 26 қазанға дейін ұшуды жоспарлаған жолаушылар үшін билет сатылымы ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу