Еліміздегі әрбір он бесінші бала фастфудқа тәуелді

939

Еліміздегі әрбір он бесінші бала фастфудқа тәуелді

Еліміздегі әрбір он бесінші бала семіздіктен арыла алмай әлек. Бұл – жасы 8-ден 10 жасқа дейінгі жеткіншектер, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы артық салмақтан қиналып жүрген жасөспірімдердің саны соңғы бес жылда 15 пайызға артқан. "Бұған фастфуд себеп", – дейді мамандар.

Әп-сәтте даярланатын тамақты балалардың 80 пайызы жейді. Ал оның 13 пайызы бұл тағамды күн сайын қолданады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, бала атаулы телефонға телмірумен күніне 3 сағатын зая кетіреді. Мұның сыртында елімізде темекі шегу мәселесі де тұр.

"Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша жыл сайын темекіден 6 млн адам қаза табады. Бұл СПИД туберкулез, безгек секілді аурулардан қайтыс болатын азаматтардың барлығын қосқанның өзінде көп. Қазақстанда әрбір екінші ер адам және әрбір оныншы әйел азамат темекі тартады", - дейді ҚР денсаулық сақтау министрлігінің департамент директоры Лаура Ахметниязова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу