Қазақстандағы 13 арнайы экономикалық аймақта (АЭА) барлығы 252 компания тіркелген. Алайда олардың жұмысы тиімсіз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылдың сәуіріндегі мәліметке сәйкес, елімізде 13 АЭА жұмыс істейді. Ең алғаш ашылғаны АЭА – "Астана – жаңа қала". Оның жұмыс істеп тұрғанына 20 жыл. Тізімде одан кейін "Морпорт Ақтау" АЭА (19 жыл), "Инновациялық технология паркі" (шамамен 18 жыл) бар.
"Оңтүстік" АЭА-нің толымдылығы – 100%. Оның ашылғанына – 16 жыл.
Тізімде сондай-ақ "Астана – жаңа қала" АЭА және "Тараз химия паркі" АЭА тұр. Барлық арнайы экономикалық аймақтың орташа толымдылығы – 33,6%.
Инфрақұрылымы 100%-ға дайын "Инновациялық технологиялар паркі" АЭА және "Оңтүстік" АЭА, сондай-ақ "Тараз химия паркі" АЭА-ның инфрақұрылым дайындығы – 99%.
Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар өндірісті жедел дамыту және шетелден инвестицияны тарту үшін ашылған. Мұнда кәсіпкерлер мен инвесторларға корпоративті табыс салығына 0%, жер және мүлік салықтарына жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар АЭА-дағы компаниялар импорт кезінде кедендік баждан босатылады. Оларға инфрақұрылымы бар жерді сатып алуға мүмкіндік беріліп, тегін жер учаскесімен қамтамасыз етіледі. Инвестиция көлемі 1 млн АЕК-тен (1АЕК – 2 917 теңге) асатын жобаларға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасынан тыс қосымша шетелдік жұмысшыларды алуға рұқсат берілген.
Бүгінде еліміздегі 13 АЭА-да 252 компания тіркелген. Барлық компанияның құрылтайшысы – Қазақстан. Тек АЭА-дағы жалғыз шетелдік құрылтайшы – "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағындағы австралиялық "STANKOM" ЖШС (Qazindustry мәліметінше).
"Хабар24" телеарнасының мәліметінше, елдегі арнайы экономикалық аймақтың басым бөлігінің шығыны көп. Себебі, олардың жұмысының тиімділігі төмен. Мәселен, "Түркістан" АЭА 2 жыл бұрын қаланың дамуын жеделдету үшін ашылған. Алайда жоба тек қағаз жүзінде жүзеге асырылған. Мысалы, АЭА-ның 2 өнеркәсіп аймағында жергілікті билік осы уақытқа дейін кәсіпкерлер үшін бірде-бір ғимарат салмаған. Сондықтан кәсіпкерлер бұл жерде жұмыс істегісі келмейді.
"Тараз химия паркі" экономикалық аймағында коммуникацияға байланысты проблема жоқ. Алайда мұнда жобалар тапшылығы қатты сезіледі. 8 жылда мұнда бір ғана кәсіпорын іске қосылған. Қалған арнайы экономикалық аймақтарындағы жағдай да мәз емес.
Дәурен Ерболат